ҚАЗ    РУС    ENG

Сыртқы академиялық ұтқырлық / Кіріс

Кредиттік жүйе

Академиялық күнтізбе

Күзгі семестр: 1 қыркүйек-31 желтоқсан

Көктемгі семестр: 15 қаңтар – 30 мамыр


Виза

Студенттерге

Білім беру визасы (С9) Қазақстан Республикасына орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің білім беру оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына түсу үшін келетін тұлғаларға беріледі; Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдарында оқитын, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің оқу бағдарламаларын іске асыратын, оның ішінде студенттермен алмасу бағдарламаларын ұйымдастыратын және дайындық курстарынан өтетін тұлғалар, сондай-ақ олардың отбасы мүшелеріне беріледі; Қазақстан Республикасына уақытша келген және Қазақстан Республикасының оқу орындарына түскен, визасыз режим бойынша келген этникалық қазақтарға, сондай-ақ олардың отбасы мүшелеріне беріледі.

Бір мәртелік виза 90 тәулікке дейін, көп мәртелік – 1 жылға дейін беріледі.

Визаның қолданылу мерзімін ұзарту сол санаттағы визаны беру жолымен жүргізіледі - http://adilet.zan.kz/rus/docs/V1600014531 .

ҚР ІІМ келесі санаттағы визаларды ұзартады:

«С3» – бастапқы визаны алу үшін шақыруды бұрын ресімдеген шақырушы тараптың өтініші негізінде және егер мұндай рұқсат ҚР заңнамасына сәйкес талап етілсе, еңбекші көшіп келушіге рұқсаты болса. «С3» санатындағы визаның қолданысын ұзарту рұқсаттың қолданылу мерзіміне, алайда 3 жылдан аспайтын мерзімге жүзеге асырылады.

«С9» – Продление действия визы осуществляется на срок до 1 года. білім беру мәселелері жөніндегі уәкілетті органның немесе ҚР-да тіркелген оқу орнының қолдаухаты негізінде. Визаның қолданысын ұзарту 1 жылға дейінгі мерзімге жүзеге асырылады.

Визаны ұзартуға арналған құжаттар отыз жұмыс күнінен ерте емес және қолданыстағы виза мерзімі аяқталғанға дейін бес жұмыс күнінен кешіктірілмей беріледі.

Консулдық алым:

Бір мәртелік виза және оны ұзарту - 80$ (АҚШ).

Көп мәртелік виза және оны ұзарту:

1 жыл - 200$ (АҚШ);

2 жыл - 400$ (АҚШ);

3 жыл - 600$ (АҚШ).

Виза алу үшін ұсынылатын құжаттар:

- 3,5 х 4,5 сантиметр көлеміндегі түрлі-түсті немесе ақ-қара фотосуреті бар виза алуға арналған визалық сауалнама;

- ҚР шет елдердегі мекемесінде визаны ресімдеу кезінде ҚР ІІМ немесе ҚР СІМ-де тіркелген шақыру нөмірі, күні (виза алушыға шақыру нөмірін және берілген күнін шақырушы тарап хабарлайды) немесе виза санатын алушының қолдаухаты (48 елдің азаматтары);

- жеке басын куәландыратын жарамды құжат;

- консулдық алымның төленгенін растайтын төлем құжатының түпнұсқасы.

  Визаны ресімдеу мерзімі: барлық қажетті құжаттарды қабылдаған күннен бастап 5 немесе одан көп жұмыс күнде.


Медициналық көмек

Баспана

«Karaganda Buketov University туралы»

Қазақстанның қай жерлеріне баруға болады

Негізгі сөз тіркестері: ағылшынша-қазақша-орысша

 

 Greeting

Приветствие

Сəлемдесу

Good morning!

Доброе утро!

Қайырлы таң!

Good afternoon!

Добрый день!

Қайырлы күн!

Good evening!

Добрый вечер!

Кеш жарық!

Hello / Hi!

How do you do!

Здравствуйте! (уваж. форма в ед. числе)

Привет!

Сəлеметсіз бе? Cəлем!

How are you? How are you doing?

Как поживаете?

Хал-жағдайыңыз қалай?

I am good (fine), thank you!

Спасибо, хорошо!

Рақмет, жақсы

Wonderful!

Отлично!

Тамаша!

Not bad!

Неплохо

Жаман емес

Nice to see you! I am/we are glad to see you! It is nice to see you!

Рад(-а,-ы) Вас видеть!

Сізді көргеніме (көргенімізге)

қуаныштымын (қуаныштымыз)!

Nice to see you, too! I am glad to see you, too! It is nice to see you, too!

Я тоже рад (-а) видеть Вас!

Мен де Сізді көргеніме қуаныштымын!

 

Getting acquainted

Знакомство

Танысу

Let me introduce myself

Разрешите представиться

Өзімді таныстыруға рұқсат етіңіз

My name is ...

Меня зовут ...

Менің есімім ...

His (her) name is ...

Его (ее) зовут ...

Оның есімі ...

Introduce yourself, please. Could you please introduce yourself

Представьтесь, пожалуйста

Өзіңізді таныстырып өтсеңіз

What is your name (surname)? What is          your first, last name?

Как Ваши фамилия, имя, отчество?

Сіздің аты-жөніңіз кім?

 

Farewell / Saying goodbye

 Прощание

 Қоштасу

Goodbye!

До свидания!

Сау болыңыз!

See you next time/again!

До следующей встречи!

Келесі кездескенше!

All the best!

До лучших времен!

Көріскенше күн жақсы болсын!

See you tomorrow!

До завтра!

Ертеңге дейін!

See you tonight!

До вечера!

Кешке дейін!

What’s your address?

Какой у Вас адрес?

Сіздің мекенжайыңыз қандай?

When will we meet again?

Когда встретимся?

Енді қашан көрісеміз?


«Karaganda Buketov University-ге барғым келеді»

Downloads

Форма заявления обучающегося

Форма соглашения об обучении


Қазақстанға келгеннен кейін көші-қон қызметіне міндетті түрде хабарлама беру

Қолданыстағы ережелерге сәйкес, қабылдаушы тарапы шетелдіктің Қазақстанға келгені, сондай-ақ тұрғылықты жерінің ауысқаны туралы көші-қон қызметін хабардар етуге міндетті. Мұны шетелдік азаматы келген күннен бастап 3 жұмыс күні ішінде орындалуы қажет.

Хабарлама барлық жағдайларда – виза бойынша немесе визасыз режим шеңберінде берілуі талап етіледі. Ол үшін төменде көрсетілген мекен-жайға паспортының түпнұсқасымен Бөкетов университетінің маманына жүгінуі қажет.

Мекен-жай: Қарағанды қ., Университетская к., 28, басты ғимарат, 1 қабат, 104 кабинет.

Қабылдау кестесі: дүйсенбі-жұма, сағат 09.00-ден 17.00-ге дейін, 13.00-ден 14.00-ге дейін – түскі үзіліс.

Шетел азаматының өзі көші-қон қызметіне жүгінудің қажеті жоқ.