Мемлекеттік орган:
ҚР Білім және ғылым министрлігі
Қызметті алушылар:
Жеке тұлғалар
Қызмет көрсету орны:
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ
«Электрондық үкімет» порталы
Қызмет құны:
Тегін
Қызмет көрсету мерзімі:
15 күнтізбелік күн
Қызметтің толық атауы:
Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі бiлiм беру туралы құжаттардың телнұсқаларын беру
Қызметті онлайн алу:
- Порталда
авторлану және «Қызметке онлайн тапсырыс беру» батырмасы бойынша өту.
- Өтінішті толтыру және
ЭЦҚ өтінішіне қол қою (электрондық цифрлық қолтаңбамен).
- Жеке кабинетте қызметті көрсету нәтижелерімен танысу.
Қызметті «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ-қа қалай алуға болады (қажетті құжаттар):
- Өтініш.
- Көрсетілетін қызметті алушының жеке куәлігінің түпнұсқасы (салыстыру үшін).
Қызмет көрсету нәтижесі:
Жоғары және жоғары оқудан кейінгі бiлiм беру туралы құжаттардың телнұсқасы.