ҚАЗ    РУС    ENG

Мемлекеттік орган: ҚР Білім және ғылым министрлігі
Қызметті алушылар: Жеке тұлғалар
Қызмет көрсету орны: Жергілікті атқарушы органдар
ҚР жоғары оқу орындары
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ
Қызмет құны: Тегін
Қызмет көрсету мерзімі: 10 күнтізбелік күндер
Қызметтің толық атауы: Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білім беру ұйымдарындағы тәрбиеленушілер мен білім алушылардың жекелеген санаттағы азаматтарына, сондай-ақ, қорғаншылық (қамқоршылықтағы) пен патронаттағы тұлғаларына тегін тамақтандыруды ұсыну
Қосымша: Мемлекеттік қызметінің стандарты
Қызметті мемлекеттік органнан немесе: «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ-қа: қалай алуға болады: (қажетті құжаттар):

- Жеке куәлігі.
- Өтініш.
- Туу туралы куәліктің көшірмесі - көп балалы отбасылардың балалары үшін (2007 жылғы 13 тамызға дейін туылған жағдайда).
- Қамқорлықты (қорғаншылықты) және патронаттық тәрбиені бекіту туралы анықтаманың көшірмесі жетім-балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, отбасыларда тәрбиеленетін балалар үшін.
- Психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның медициналық қорытындысының көшірмесі-мүгедектер және бала кезінен мүгедектер үшін мүгедектігі туралы анықтама немесе даму мүмкіндіктері шектеулі балалар үшін.
- Атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан шыққан балалар үшін өтініш берушінің (отбасының) жергілікті атқарушы органдар ұсынатын мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті алушыларға жататынын растайтын анықтама.
- Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы орташа табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен отбасылардан шыққан балалар үшін алынған табысы туралы анықтама (жұмыс істейтін ата-аналарының немесе оларды алмастыратын тұлғалардың жалақысы, кәсіпкерлік қызметтен және басқа қызмет түрлерінен түсетін кірісі, балаларға және басқа да асырауындағыларға арналған алимент түріндегі кірістер).

Қызмет көрсету нәтижесі: Тегін тамақтануды беру туралы хабарлама

Provision of free meals to the certain categories of citizens, as well as to the persons who are under guardianship (custodyship) and patronage