ҚАЗ    РУС    ENG

Мемлекеттік орган: ҚР Білім және ғылым министрлігі
Қызметті алушылар: Жеке тұлғалар
Қызмет көрсету орны: ҚР жоғары оқу орындары
«Электрондық үкімет» порталы
Қызмет құны: Тегін
Қызмет көрсету мерзімі: 1 жұмыс күн
Қызметтің толық атауы: Шетелде академиялық ұтқырлық шеңберінде оқу конкурсына қатысу үшін құжаттар қабылдау
Қосымша: Мемлекеттік қызметінің стандарты
Қызметті онлайн алу::
- Порталда авторлану және «Қызметке онлайн тапсырыс беру» батырмасы бойынша өту.
- Өтінішті толтыру және ЭЦҚ өтінішіне қол қою (электрондық цифрлық қолтаңбамен).
- Жеке кабинетте қызметті көрсету нәтижелерімен танысу.

Қызметті мемлекеттік органнан қалай алуға болады : (қажетті құжаттар):

- Өтініш.
- Ұсыным хаттар.
- Дербес оқу жобасы.
- Транскрипт көшірмесі (білім алушы үшін).
- Медициналық анықтама (шетелге шығушылар үшін).
- Шетелдік жоғары оқу орнының ресми шақыруының көшірмесі.
- Жоғары оқу орнының шетелге жіберу туралы бұйрығының көшірмесі.
- Академиялық оралымдылық шеңберінде екі айдан астам уақытқа шетелге оқуға жіберілетін үміткердің ата-анасының (қамқоршыларының, заңды өкілдерінің) жазбаша келісімі (18 жасқа толмаған тұлғалар үшін).
- Білім алушы, қабылдаушы және жіберуші жоғары оқу орындары арасында қол қойылған келісім.

Қызмет көрсету нәтижесі: Шетелде, оның ішінде академиялық ұтқырлық шеңберінде оқу конкурсына қатысуға рұқсат беру туралы қолхат

Acceptance of documents for participation in competition to study abroad within the academic mobility