ҚАЗ    РУС    ENG

Мемлекеттік орган: ҚР Білім және ғылым министрлігі
Қызметті алушылар: Жеке тұлғалар
Қызмет көрсету орны: ҚР жоғары оқу орындары
«Электрондық үкімет» порталы
Қызмет құны: Тегін
Қызмет көрсету мерзімі: 3 сағат
Қызметтің толық атауы: Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша оқыту үшін жоғары оқу орындарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау
Қосымша: Мемлекеттік қызметінің стандарты
Қызметті онлайн қалай алуға болады::
- Порталда авторлану және «Қызметке онлайн тапсырыс беру» батырмасы арқылы өту.
- Өтінімді толтыру және оған ЭЦҚ-мен (электрондық цифрлік қолтаңбамен) қол қою. Өтінімге келесі құжаттарды кірістіру:

- жоғары білім туралы құжаттың немесе интернатураны бітіру туралы куәліктің сканерленген көшірмесі (резидентураға түсу үшін);
- бағдарламалар бойынша (TOEFL, IELTS, DSH, DALF, TCF) шетел (ағылшын, француз, неміс) тілі бойынша сынақтаманы тапсыру туралы сертификаттың сканерленген көшірмесі (бар болса);
- еңбек қызметін растайтын құжаттың сканерленген көшірмесі (еңбек өтілі бар тұлғалар үшін);
- өлшемі 3x4 см. болатын цифрлік фото;
- 086-У нысанындағы медициналық анықтаманың сканерленген көшірмесі.
Қызметті мемлекеттік органнан қалай алуға болады : (қажетті құжаттар):
Магистратураға түсу кезінде:

- Ұйым басшысының атына өтініш.
- Жоғары білім туралы құжаттың көшірмесі.
- Интернатураны аяқтау туралы куәлік (резидентураға түсу үшін).
- Шет тілінен (ағылшын, француз, неміс) бағдарламалар бойынша (TOEFL, IELTS, DSH, DALF, TCF)тестті тапсыру туралы сертификаттың көшірмесі
- Кадрлар есебі бойынша жеке іс парағы және еңбек қызметін растайтын құжат (еңбек өтілі бар тұлғалар үшін).
- 6 aотосурет 3х4.
- 086-У нысанындағы медициналық анықтама.
- Жеке куәлігінің көшірмесі.
- Ғылыми және ғылыми-әдістемелік жұмыстардың тізімі (бар болса).

Докторантураға түсу кезінде:

- Ұйым басшысының атына қабылдау туралы еркін нысандағы өтініш.
- Болжанған отандық немесе шетелдік ғылыми консультанттармен келісілген жоспарланған диссертациялық зерттеулер негіздемесі.
- Жеке куәлігінің көшірмесі.
- Жоғары білім туралы құжаттың көшірмесі.
- Шет тілінен (ағылшын, француз, неміс) бағдарламалар бойынша (TOEFL, IELTS, DSH, DALF, TCF)тестті тапсыру туралы сертификаттың көшірмесі.
- Ғылыми және ғылыми-әдістемелік жұмыстардың тізімі (бар болса).
- 3x4 сантиметр көлеміндегі алты фотосурет.
- 086-У нысанындағы медициналық анықтама.
- Кадрларды есепке алу бойынша жеке парағы және еңбек қызметін растайтын құжат (еңбек өтілі бар адамдар үшін).


Қызмет көрсету нәтижесі: Қ: ұжаттардың қабылданғандығы туралы қолхатты беру және 25 тамызға дейінгі түсу емтихандарының қорытындылары бойынша конкурстық іріктеуден өткен тұлғаларды жоғары оқу орындарына қабылдау туралы бұйрық

Documents acceptance and enrollment to the higher educational institutions for postgraduates educational programs