ҚАЗ    РУС    ENG

Мемлекеттік орган: ҚР Білім және ғылым министрлігі
Қызметті алушылар: Жеке тұлғалар
Қызмет көрсету орны: ҚР жоғары оқу орындары
«Электрондық үкімет» порталы
Қызмет құны: Тегін
Қызмет көрсету мерзімі: 1 жұмыс күн
Қосымша: Мемлекеттік қызметінің стандарты
Қызметті онлайн қалай алу керек:
- Порталда авторлану және "Қызметке онлайн тапсырыс беру" батырмасы бойынша өту.
- Өтінімді толтыру және ЭЦҚ қол қою (электрондық цифрлық қолтаңбамен). Электрондық сұраныс жолын толтыру, ақпараттық жүйелерде мәліметтер жоқ болған жағдайда құжаттардың скан-көшірмелерін қоса беру: - білімі туралы құжат;
- 086-У нысанды медициналық анықтама;
- цифрлы фотосурет.



- Жеке кабинетте («Қызметтерді алу тарихы» тарауында) көрсетілген уақыт ішінде келіп түсетін, сіздің өтініміңізді өңдеу туралы хабарламамен танысу.
- Төлемді жүргізу қажеттілігі туралы хабарламаны алғанда немесе қабылдау туралы хабарламаны алған жағдайда сізге өзіңіз келген ЖОО мынадай құжаттарды ұсынуды талап етеді: - білімі туралы құжат (орта жалпы (жалпы орта), бастауыш кәсіби (техникалық және кәсіби), орта кәсіби (ортадан кейінгі) білім туралы құжат (түпнұсқа));
- 3х4 өлшемді фотосурет (6 дана.);
- 086-у нысанды медициналық анықтама (ДСМ АҚ мәліметтер болмаған жағдайда).


*Онлайн қызметті ҚР ЖОО-на тегін (білім гранты болған жағдайда) және ақылы негізде түсетін талапкерлер ала алады.
Қызметті ЖОО алу: (қажетті құжаттар)

- Ұйым басшысының атына оқуға қабылдау туралы ерікті нысандағы өтініш.
- Жеке куәлік.
- Білімі туралы құжат (орта жалпы (жалпы орта), бастауыш кәсіби (техникалық және кәсіби), орта кәсіби (ортадан кейінгі) немесе жоғары білімі туралы құжат (түпнұсқа)).
- 3х4 өлшемді фотосурет (6 дана).
- 086-у нысанды медициналық анықтама.
- ҰБТ немесе Кешенді тестілеу сертификаты және білім грантын тағайындау туралы куәлік (бар болса).

Қызмет көрсету нәтижесі: Жоғары оқу орнына қабылдау үшін құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат және жоғары оқу орнына қабылдау туралы бұйрық

Documents acceptance and enrollment to the higher educational institutions on educational programs of higher professional education