ҚАЗ    РУС    ENG

Мемлекеттік орган: ҚР Білім және ғылым министрлігі
Қызметті алушылар: Жеке тұлғалар
Қызмет көрсету орны: «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ
«Электрондық үкімет» порталы
Қызмет құны: Тегін
Қызмет көрсету мерзімі: 30 күнтізбелік күн
Қызметтің толық атауы: Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі бiлiм беру туралы құжаттардың телнұсқаларын беру
Қосымша: Мемлекеттік қызметінің стандарты
Қызметті онлайн алу:
- Порталда авторлану және «Қызметке онлайн тапсырыс беру» батырмасы бойынша өту.
- Өтінішті толтыру және ЭЦҚ өтінішіне қол қою (электрондық цифрлық қолтаңбамен).
- Жеке кабинетте қызметті көрсету нәтижелерімен танысу.

Қызметті «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ-қа қалай алуға болады (қажетті құжаттар):

- Өтініш.
- Көрсетілетін қызметті алушының жеке куәлігінің түпнұсқасы (салыстыру үшін).

Қызмет көрсету нәтижесі: Жоғары және жоғары оқудан кейінгі бiлiм беру туралы құжаттардың телнұсқасы.